ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА АРНАҒАН «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСТІ НЕГІЗІНДЕ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Енгізілді: 05.12.2025Қаралғаны: 6 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА АРНАҒАН «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСТІ НЕГІЗІНДЕ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда «Болашақ» университетінің «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжанның ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолына арнаған «Бала шақтан – Болашаққа» атты ғұмырнамалық-танымдық повесті негізінде мазмұнды кездесу өтті.
Шарада кафедраның ПОҚ құрамы мен білім алушылары кітаптың «Тәуелсіз Қазақстан (Аласапыран кезең)» атты тарауын талқылай отырып, елдің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарындағы қиындықтар мен тарихи бетбұрыстар туралы терең мағлұмат алды. Бұл бөлімде мемлекетті қалыптастыру жолындағы сындарлы шешімдер, саяси бағытты айқындау, халықаралық аренада Қазақстанның беделін қалыптастыру сияқты мәселелерде Президент Қ.Тоқаевтың қосқан үлесі жан жақты баяндалады.
Талқылау барысында қатысушылар:
➢Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңіндегі тарихи оқиғаларды;
➢Қ.Тоқаевтың сол жылдардағы дипломатиялық қызметін;
➢Президенттің ел дамуы үшін маңызды орын алған саяси, экономикалық және халықаралық бағыттарда қабылдаған шешімдерін;
➢Мемлекет басшысының тұлғалық қасиеттерін және елге сіңірген еңбегін талдап, мазмұнды пікір алмасты.
Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолы мен мемлекет алдындағы еңбегі өскелең ұрпақ үшін айқын үлгі болатыны, Президенттің елге адалдығы, халықаралық дипломатия саласындағы біліктілігі, жауапкершілікпен қабылдаған шешімдері жастарды отансүйгіштікке, табандылыққа және биік мақсаттарға ұмтылуға жетелейтіндігі баса айтылды.
Осындай тағылымды еңбектердің жас буынның тұлғалық дамуына, ел тарихын терең тануына, болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз!
Қазақша
Русский
English














