ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

Енгізілді: 26.11.2025Қаралғаны: 8 рет

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК

КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп–іс қимылда. Құқықтық жаңғырту және құқық бұзушылықтардың алдын алу: теория және практика» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға халықаралық деңгейде танылған,  белгілі ғалымдар Марат Қоғамов пен Николай Турецкий, Бас прокуратураның өкілі, жергілікті күштік құрылымдардың басшылығы мен жеке құрамы, студенттер қатысты.

Іс-шарада прокуратура іске асырып жатқан «IT TERGEU», «Смарт білезік» жобаларының нәтижесінде қайта қылмыс жасаудың 60%-ға және қылмыстылықтың 6%-ға төмендегені, қылмыстың әшкерелену көрсеткішінің                 3%-ға  жоғарылағаны атап өтілді.

Конференцияға «Болашақ» университеті профессор-оқытушылары мен білім алушылары да қатысып, тәжірибелі заңгерлердің пікірін тыңдады.

Құқық қорғау органдары мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Ол құқықтық мәдениетті көтеруге, жас мамандардың кәсіби деңгейін шыңдауға, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды арнаның бірі. Бірлескен жобалар, тәжірибелік кездесулер, оқу мен практиканы ұштастыратын шаралар – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ қадам.

Бүгінгі қоғамдық даму үдерісінде құқықтық сауаттылық, заңға деген адалдық, әділеттілікті ту ету – кез келген мемлекеттің кемелденуінің негізгі көрсеткіші. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай жиындар тек кәсіби пікір алмасу емес, жас ұрпаққа тәрбие беретін, азаматтық жауапкершілікті күшейтетін, заң үстемдігін қадірлеуге үйрететін құндылықтар тұғырнамасы болып табылады.         

Шарада ортаға салынған ойлар, ғылыми тұжырымдар мен озық ұсыныстардың ҚР құқықтық жүйесін заман талабына сай жетілдіруге нақты серпін беретініне сенім мол.