ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Енгізілді: 25.11.2025Қаралғаны: 8 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сәуле Мағазбекқызы Досжан өзінің «Бала шақтан–болашаққа» атты ғұмырнамалық-танымдық повестінің екі данасын университет кітапханасына сыйға тартты.
Кітап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолын, оның ата-анасының тағдырын, балалық шағының ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Автор жастарға еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы алуан түрлі аспектілерді түсінікті тілде жеткізуді мақсат тұтады.
Университет білім алушылары аталған еңбекті оқып, сол уақыттағы қоғамдық тұрмыс пен адамдардың өзара ізгілік қарым-қатынасы жөнінде қызықты әрі маңызды мәліметтермен танысуда.
Қазақша
Русский
English














