ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК» КУРСЫ БАСТАЛДЫ
Енгізілді: 17.12.2025Қаралғаны: 10 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК» КУРСЫ БАСТАЛДЫ
Аталған жоба аға буын өкілдерінің білімін толықтырып, өмірлік тәжірибесін жаңа таныммен ұштастыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Осы курс барысында «Болашақ» университетінің жылыжайында алғашқы тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақты ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Жанзақов Марат Мықтыбайұлы өткізіп, тыңдаушыларға банан, лимон және басқа да өсімдіктерді дұрыс егу, күтіп-баптау жолдарын іс жүзінде көрсетті. Сондай-ақ, топырақ дайындау, тұқым мен көшетті таңдау, отырғызу технологиясы, суару тәртібі мен жылу-жарық режимінің маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Тәжірибелік форматта өткен бұл сабақ қатысушылардың қызығушылығын арттырып, экологиялық білімді күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік берді.
«Жасыл желек» курсы қоғамда табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға және экологиялық сананы нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Қазақша
Русский
English














