ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Енгізілді: 11.02.2026Қаралғаны: 11 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

2026 жылдың 11 ақпаны күні Қызылорда «Болашақ» университетінде  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында ерекше назар аударған «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру мақсатында жиналыс өтті.

Аталмыш жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы,  студенттері және Қызылорда ҚПБ Криминалды полиция бөлімінің бастығы,  полиция майоры Ғ. Нағашыбаев, Қызылорла ҚПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Пазылов,  Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб бастығы,  полиция подполковнигі Л.Ахметова, Қызылорда ҚПБ ҚҚб  ЮПб аға УПИ,  полиция аға лейтенанты Д.Рысбеков қатысты.

Шара барысында елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы, жасөспірімдер арасында есірткіге құмарлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының ұйымдастырылуы, жастардың қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясының мәнін түсінуі талқыланды. Ғаламтордағы алаяқтық, буллинг, кибербуллинг, қылмыс үшін жаза тақырыбында видеороликтер көрсетілді.