«БАҚЫТ ФОРМУЛАСЫ: ӨЗІҢМЕН ЖӘНЕ ОРТАМЕН ҮЙЛЕСІМДІ ӨМІР СҮРУ» АТТЫ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Енгізілді: 07.11.2025Қаралғаны: 9 рет

«БАҚЫТ ФОРМУЛАСЫ: ӨЗІҢМЕН ЖӘНЕ ОРТАМЕН ҮЙЛЕСІМДІ ӨМІР СҮРУ» АТТЫ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

 

07.11.2025 жылы «Арнайы педагогика және психология» кафедрасың оқытушылары Ә.Ә. Әбілхайр, А.Қ. Әріпқожаева Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты «№5 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАҚЫТ ФОРМУЛАСЫ: ӨЗІҢМЕН ЖӘНЕ ОРТАМЕН ҮЙЛЕСІМДІ ӨМІР СҮРУ» атты педагогтерге арналған психологиялық тренинг өткізді.

Психологиялық тренингтің мақсаты – әріптестерімізге өз-өзімен қарым-қатынасты нығайтуға, ортада үйлесімді байланыс орнатуға және педагогикалық қызметке жаңаша көзқараспен қарауға бағытталған практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік беру болды.

Қатысушылар белсенділік танытып, тәжірибелік жаттығулар арқылы өз ішкі ресурстарын бағалап, өзара түсіністікті арттырды.