«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНА ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ҚОРЫН ЖАҚЫНДА ТОЛЫҚТЫРҒАН СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСІН ТАЛДАДЫ
Енгізілді: 28.11.2025Қаралғаны: 6 рет
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНА ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ҚОРЫН ЖАҚЫНДА ТОЛЫҚТЫРҒАН СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСІН ТАЛДАДЫ
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қызылорда «Болашақ» университеті «Педагогика және өнер» кафедрасына қарасты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Музыкалық білім», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен білім алушылары университет кітапханасы қорын жақында толықтырған Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты ғұмырнамалық-танымдық повесін талдады.
Кітап «Өлгені тіріліп, өшкені жанды», «Жазушының жан серігі», «Ұлтына жанашыр ұл өссе», «Қасым-Жомарт Тоқаев – дипломатиялық жолдың басталуы», «Тәуелсіз Қазақстан» атты тараулардан тұрады.
Оқырман ағайынды жігіттер Қасым мен Кемелдің тағдырын суреттеуден басталатын алғашқы тараудан болашақ ел Президентінің есімінің қойылу себебімен, оның ата-анасының тағдырымен, балалық шағының ерекшеліктерімен танысады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше болмысы, оның білімге құштарлығы мен еңбекке деген құлшынысы, халқына деген жанашырлығы мен адами қасиеті жан-жақты сипатталып, көркем тілмен жеткізілген кітаптың мазмұнын талдаған оқырмандар шығармаға оң бағасын берді. Жастар үлкен болашаққа апаратын жолды дұрыс таңдау керектігі жайлы ой түйді.
Қазақша
Русский
English














