«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 26.02.2026Қаралғаны: 10 рет

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ      ШЕШУДЕГІ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ.

 

Қызылорда «Болашақ» университеті «Жаратылыстану және спорт» кафедрасына қарасты 6В05201 – «Экология» және 6В01501 – «Биология» білім беру бағдарламалары студенттерімен профессор-оқытушылар құрамына арналған «Экологиялық қызметтің экологиялық мәселелерді шешудегі рөлі» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.
Дәрісті Қызылорда облысы бойынша экология департаменті Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Нұрлыбаева Сая Жәнібекқызы жүргізді.

 Шара барысында:

- Аймақтағы өзекті экологиялық мәселелер;

-  Экологиялық бақылау және мониторинг жүйесі;

-  Зертханалық талдау жұмыстарының маңызы;

- Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік экологиялық қызметтің рөлі жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, білім алушылар экологиялық сараптама жүргізудің практикалық қырларымен танысып, сала маманының нақты тәжірибесіне негізделген мәліметтер алды.
Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу өтті. Қонақ дәріс студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік туғызды.
Мұндай мазмұнды кездесулер болашақ биологтар мен экологтардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, білім сапасының жақсаруына және экологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етеді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.