«АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА КАДР ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 04.03.2026Қаралғаны: 12 рет

«АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА КАДР ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

 

  2026 жылдың 04 наурызында Қызылорда «Болашақ» университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Аймақтық құрылыс саласына кадр даярлау ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қатысушылары мен қонақтары үлкен қызығушылықпен пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылады.

Шара барысында құрылыс саласындағы жаңа технологиялар, цифрландыру, BIM-жобалау және инженерлерді даярлау мәселелері талқыланды.

Университет пен өндіріс арасындағы тығыз байланыс, дуальды оқыту жүйесі мен жас мамандарды жұмысқа бейімдеу мәселелері сөз болды.

Құрылыс компанияларының өкілдері, сала мамандары мен университет өкілдері арасында конструктивті пікір алмасу өтті.

Жиынды Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры Г.Ж. Снасапова ашып, қонақтар мен сала мамандарының еңбектеріне жеміс тіледі.