«ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ДӘРІСІ
Енгізілді: 20.02.2026Қаралғаны: 6 рет
«ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ДӘРІСІ
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы М.Қ. Боранбаеваның қатысуымен Қызылорда «Болашақ» университетінде «Еңбек дауларын шешу: теория мен тәжірибе мәселелері» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Бұл шарада еңбек дауларын шешу бойынша теориялық негіздер мен нақты тәжірибелер талқыланды. Еңбек қатынастары мен дауларын реттеу механизмдері, кәсіподақтың рөлі, даулардың алдын алу мен шешу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар еңбек заңнамасындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақша
Русский
English














