ERTEGI LAND AI: СИҚЫР МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫНДА

Енгізілді: 24.02.2026Қаралғаны: 6 рет

ERTEGI LAND AI: СИҚЫР МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫНДА

 

Бүгінгі таңда білім беру саласы түбегейлі өзгеріске ұшырап, дәстүрлі әдістер жаңашыл технологиялармен ұштасуда. Осы бағытта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Қызылорда «Болашақ» университеті  арасындағы меморандумға сәйкес екі оқу орнының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ оқытушылары мен балабақша тәрбиешілері арасында іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бірлескен педагогикалық шеберлік алаңы өтті.

«Ertegi Land AI: сиқыр мен технология тоғысында» атты педагогикалық шеберлік алаңы және практикалық воркшоп мамандар мен білім алушылар үшін нағыз тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Шара барысында қатысушылар арнайы презентациялар арқылы дәстүрлі ертегілерді заманауи цифрлық технологиямен қалай жандандыруға болатынын көрсетті.
Іс-шараға қатысқан екі оқу орнының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ білім алушылары болашақ кәсібіне қажетті тың мәліметтер алды.

Практикалық воркшоп форматында өткен бұл шара қатысушыларға тек теориялық білім беріп қоймай, жаңа технологияларды іс жүзінде қолданып көруге мүмкіндік туғызды.