ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ – ҒЫЛЫМҒА ҚҰРМЕТ
Енгізілді: 23.01.2026Қаралғаны: 6 рет
ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ – ҒЫЛЫМҒА ҚҰРМЕТ
Бүгін қазақ филологиясы мен ұлттық руханият ғылымына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы 80 жасқа толып отыр.
Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қауымдастығы ардақты ғалымды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтай отырып, оның тіл білімі, ономастика саласындағы іргелі еңбектерін ерекше құрметпен атап өтеді.
Жеңіс Сәдуақасұлы–ғылыми тереңдігі мен азаматтық ұстанымы үйлесім тапқан тұлға. Ұстаздың көп жылғы зерттеулері ұлттық сөз өнерінің тарихи-теориялық негіздерін кеңейтіп, қазақ филологиясының дамуына берік тұғыр болды. Ғалымның еңбектері мен шәкірттері тұтас бір ғылыми мектептің қалыптасқанын айғақтайды. Ғылым жолындағы адалдық, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік пен зиялылық–Жеңіс Сәдуақасұлының азаматтық болмысының айқын көрінісі. Оның өмірі мен еңбегі жас ғалымдар мен студенттер үшін биік өнеге.
Құрметті де, қадірлі ұстаз! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас шығармашылық қуат тілейміз. Ғылымдағы жолыңыз ұлт руханиятына қызмет ете берсін! Мерей тойыңыз құтты болсын!
Ізгі құрметпен, Қызылорда «Болашақ» университеті!
Қазақша
Русский
English














