«ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ЫҚПАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 25.02.2026Қаралғаны: 7 рет

«ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ЫҚПАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

 

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев шығармашылығының бүгінгі ұрпаққа ықпалы»  тақырыбында дебат турнирі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын мұрасын қазіргі жастарға кеңінен насихаттау, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту, әдеби  құндылықтар арқылы рухани тәрбиені нығайту және қазақ поэзиясына деген құрметті арттыру.

Кештің әр сәті терең мазмұнға толы болды. Әсерлі көріністер мен мазмұнды баяндамалар көрермен көңілін тербетті. Сырнай мен қобыздың әуезді үні ұлттық рухты асқақтатып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Экраннан көрсетілген бейнеролик ақынның өмір жолын қатысушылардың көз алдына  әкелсе, «Зілді бұйрық» шығармасы тарихи кезеңнің шындығын айқын сезіндірді.

Турнир барысында білім алушылар Жамбыл мұрасынан шабыт алып, өз ұстанымдарын батыл әрі дәлелді түрде қорғады. Әр пікір терең ойға, әр аргумент  нақты талдауға негізделді. Студенттердің білімділігі мен шешендігі кештің мазмұнын байыта түсті.

Бұл тағылымды шара сөз өнері мен ұлттық құндылықтардың үндестігін айшықтап, жастарға үлкен рухани серпін сыйлады