«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Енгізілді: 23.02.2026Қаралғаны: 6 рет

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

▪Жуырда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен Қызылорда «Болашақ» университетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» БББ оқитын студенттерімен кездесу өтті.

 ▪Кездесу барысында экономикалық соттың судьялары К.Садуақасова, С.Умарсирикова және О.Абдукаликов соттың қызметі мен істердің қаралу тәртібі туралы ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, сот қызметінің азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталды.

▪Шара соңында судья К.Садуақасова болашақ заңгерлер үшін заңды терең білу, құрметтеу мен сақтау мәдениетін қалыптастырудың аса маңызды екеніне қатысушылардың назарын аударды.

▪Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап алды.