СТАЛКИНГ – ҮНСІЗ ҚАУІП
Енгізілді: 23.02.2026Қаралғаны: 9 рет
СТАЛКИНГ – ҮНСІЗ ҚАУІП
Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттері «Отбасы орталығына» 40 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз Ақшытақ Кеңпейілованың «Сталкинг – үнсіз қауіп» тақырыбында өткізген тағылымды кездесу кешіне барды.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында кең таралған сталкинг мәселесінің мәнін түсіндіру, оның психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беру және сақтану жолдарын көрсету.
Ақшытақ Кеңпейілова өз сөзінде сталкингтің адам психикасына үлкен зиян келтіретінін атап өтті. Жәбірленуші күйзеліске ұшырап, мазасыздық, ұйқысыздық, сенімсіздік сезімін бастан кешіруі мүмкін. Кей жағдайда бұл жағдай ауыр психологиялық жарақатқа әкеледі. Сонымен қатар, спикер сталкингтің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін түсіндіре келе, қудалау әрекеттерінің жеке адамның құқығын бұзу болып саналатынын және тиісті органдарға шағым түсіруге толық негіз бар екенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында студенттерге келесі кеңестер берілді:
-Жеке ақпаратты әлеуметтік желілерде шектен тыс жарияламау;
- Күдікті хабарламаларға жауап бермеу;
- Қудалау фактілерін дәлел ретінде сақтау (скриншот, хаттар);
-Қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну.
Кездесу интерактивті формата өтті. Студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, нақты өмірлік жағдайларды талқылады.
Ақшытақ Кеңпейілова жастарды өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға, кез келген қысым түріне қарсы тұра білуге шақырды.
«Сталкинг – үнсіз қауіп. Ол дер кезінде тоқтатылмаса, үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Сондықтан әр адам өз құқығын біліп, қорғана алуы қажет», - деп түйіндеді спикер.
Бұл кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы өзекті мәселеге бей-жай қарамауға үндеді.
Қазақша
Русский
English














