«ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚҚА ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

Енгізілді: 23.02.2026Қаралғаны: 9 рет

«ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚҚА ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні Қызылорда «Болашақ» университетінде ҚР Президентінің Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы мен «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру  жөніндегі ақпараттық науқанның тұжырымдамасы» негізінде «Жеке бостандыққа құқық және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Дәрісті Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Жусупов Әділби Әжібайұлы жүргізді.

Қыздар мен әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық, қудалауға ұшырау, некеге мәжбүрлеу, осы тұрғыда қыздар мен әйелдердің құқықтық сауаттылығын  арттыру, жеке бостандығын қорғау, өзін құрметтеу, сталкингке, өзін қорлатуға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелері бүгінгі ашық дәрісте терең қозғалып, одан шығу жолдары мен қазіргі кездегі қорғау тәсілдері талқыланды.

Шара «әр адам үшін өз бостандығы құнды болуы тиіс және өзін қорғай алуы керек»,- деген түйінмен қорытындыланды.