«АДАМГЕРШІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ: ҚҰРМЕТ, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ШЕКАРА» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

Енгізілді: 25.02.2026Қаралғаны: 11 рет

«АДАМГЕРШІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ: ҚҰРМЕТ, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ШЕКАРА» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

 

ҚР Президентінің Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы, «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру  және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» тұжырымдамасы негізінде Қызылорда «Болашақ» университетінде аталмыш шараны жүзеге асыруға  кешенді жоспар құрылды. Сол жоспар аясында бүгін оқу орнының 1 курс білім алушылары ашық дәріске қатысты.

Шараны университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Смаилова Аида Есенгелдіқызы алғысөзбен ашып, «Арнайы педагогика және психология»  кафедрасының аға оқытушысы Әбілхайр Әзиза Әмірханқызы «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекара» тақырыбында дәріс оқыды. Оқу орнының мақтанышы, белсенді студент Аманжол Ерасыл өз замандастарына арнайы дайындап әкелген видеоролигін көрсетіп, пікір алмасты.