ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Енгізілді: 11.03.2026Қаралғаны: 11 рет

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

 

Жаңа Конституция жобасын Президент Қ.К.Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасын іске асырудың және «Әділетті Қазақстанды» құрудың заңды әрі күтілген кезеңі деп есептеймін. Жоба негізі күрделі өзгерістерді бекітіп,жаңа саяси шындықпен билік тармақтарының тепе-теңдігі үшін құқықтық негіз қалайды.

Мемлекет басшысы бастаған саяси реформалар бірпалаталы мықты Парламенттің құрылуына және оның өкілеттіктерінің кеңеюіне алып келуі тиіс. Бірпалаталы модельге көшу заң шығару процесіндегі рәсімшілдік қайталауды жояды және депутаттардың сайлаушылар алдындағы дербес жауапкершілігін арттырады.

27 баптағы «еңбек ету бостандығының» «еңбек ету құқығына» ауыстырылуы өте маңызды, себебі бұл орайда мемлекет сыртқы бақылаушы емес, жұмыспен қамтудың кепілі ретінде көрінеді.

Бұл Конституция жобасы жаңа мемлекеттік модельді заң жүзінде бекіту үшін жасалған маңызды акт деп бағалаймын. Ата заңнын қабылдануы саяси жаңғырудың негізгі кезеңін аяқтап, Әділетті Қазақстан құру үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының жарқын болашағын бірге таңдап, әділетті қоғамды бірге құрайық!