ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА AUTOCAD НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША КУРС БАСТАЛДЫ

Енгізілді: 11.03.2026Өзгертілді: 12.03.2026Қаралғаны: 12 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА AUTOCAD НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША КУРС БАСТАЛДЫ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде Күміс университет жобасы аясында «Инжиниринг және логистика» кафедрасының меңгерушісі Н.К. Келмағамбетовтың жетекшілігімен «AutoCAD негіздері» курсы басталды. Бұл курс – инженерлік, архитектуралық және техникалық сызбаларды жасауды үйренгісі келетіндер үшін тамаша мүмкіндік!

Курс барысында тыңдаушылар AutoCAD бағдарламасын пайдалана отырып, сызбаларды жасау, өңдеу және баспаға дайындау дағдыларын меңгеретін болады. Сонымен қатар, автоматтандырылған жобалау жүйесінің (САПР) негізгі мүмкіндіктері мен интерфейсі туралы ақпарат алатын тыңдаушылар 2D сызбаларды құрастырудың тиімді тәсілдерін үйрене алады.

Курстың мақсаты:

  • AutoCAD бағдарламасында инженерлік және архитектуралық сызбаларды құрастыру;
  • 2D сызбаларды орындау дағдыларын дамыту;
  • САПР жүйесінің мүмкіндіктерін меңгеру.

 

Жаңа мүмкіндіктерге қадам басыңыз, болашаққа бірге бағыт алайық!