РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ТАҢДАУЫН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Енгізілді: 10.03.2026Қаралғаны: 9 рет

РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ТАҢДАУЫН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

 

Бүгінгі әлем – цифрлық даму дәуірі. Жасанды интеллект, деректер технологиясы, цифрландыру – еліміздің болашағын айқындайтын негізгі бағыттар. Қабылданатын әрбір стратегиялық шешім, соның ішінде референдум арқылы жүзеге асатын өзгерістер, елдің технологиялық болашағына тікелей әсер етеді.

Бүгінгі таңда ЖОО болашақ ІТ мамандарын даярлауға аса көңіл бөлініп отыр. Бұл тек білім беруге емес, ел болашағын қалыптастыруға жасалған айқын қадам. Сондықтан, ел дамуына қатысты әрбір маңызды шешімге бейжай қарамау – біздің азаматтық жауапкершілігіміз!

Референдум – халықтың өз таңдауын білдіретін маңызды қадам. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес.

Саналы шешім қабылдап, жарқын болашаққа бірге қадам жасайық!