ЗАМАНАУИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Енгізілді: 10.03.2026Қаралғаны: 12 рет
ЗАМАНАУИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Қызылорда «Болашақ» университеті «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өңірлік жұмыс берушілермен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты – білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, еңбек нарығы талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сондай-ақ оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы теориялық білім мен практикалық дағдыларды сабақтастыру.
Кездесу барысында мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары, білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдары және өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар университет пен өңірлік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Шараға №217 ІТ мектебі, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп, С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназия, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, сондай-ақ «Ақмешіт ақшамы» газеті мен «Қазақстан» РТРК АӨ Қызылорда филиалының өкілдері қатысты. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, құнды ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай кездесулер университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, білім алушылардың білім сапасын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Теория мен практиканы үйлестіре отырып, білім алушылар болашақта бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман болып қалыптасуға дайын болады.
Қазақша
Русский
English














