ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ МЕН БІЛІМ САЛАСЫ: БОЛАШАҚҚА БІЛІММЕН ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!

Енгізілді: 11.03.2026Қаралғаны: 11 рет

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ МЕН БІЛІМ САЛАСЫ: БОЛАШАҚҚА БІЛІММЕН ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!

 

Мен жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде еліміздің болашағы сапалы білім мен терең ғылымға негізделетініне сенемін. Жаңа Конституцияда педагог пен ғалым еңбегіне ерекше мән беріліп, олардың кәсіби еркіндігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және ғылыми-шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Бұл – білім мен ғылымның дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Педагогтың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, еңбегінің әділ бағалануы және қауіпсіз еңбек жағдайының қамтамасыз етілуі – жоғары білім сапасын арттырудың негізгі кепілі. Себебі білікті оқытушы ғана білімді, бәсекеге қабілетті мамандар даярлай алады.

Сондықтан референдум – еліміздің болашағына, соның ішінде білім мен ғылым саласының дамуына тікелей әсер ететін маңызды шешім. Баршамыз азаматтық жауапкершілік танытып,  саналы таңдау жасайық.