«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРДА БАЯНДАМА ҚОРҒАДЫ
Енгізілді: 06.03.2026Қаралғаны: 10 рет
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРДА БАЯНДАМА ҚОРҒАДЫ
Ағымдағы жылдың 6 наурызында Қызылорда «Болашақ» университеті «Педагогика және өнер» кафедрасына қарасты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқытушылары Ф.Қ. Шакен мен Г.Р. Мұхамеджан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі базасында өткен ІХ Республикалық педагогикалық оқулардың пленарлық отырысына қатысып, баяндамаларын сәтті қорғады.
Іс-шара барысында оқытушылар педагогика саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде олар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақша
Русский
English














