РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Енгізілді: 13.03.2026Қаралғаны: 8 рет
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
15 наурызда өтетін референдум – бұл жай саяси шара емес, азаматтардың ел дамуына тікелей қатысу мүмкіндігі. Оқытушы ретінде мен бұл процесті ең алдымена заматтық жауапкершілік тұрғысынан бағалаймын. Себебі мұндай шешімдер елдің құқықтық және экономикалық дамуына ұзақ мерзімді әсер етеді.
Жоғары оқу орнында біз студенттерге, ақпаратты талдап, әртүрлі пікірді салыстырып, саналы таңдау жасауға бағыттаймыз. Қоғамда түрлі пікірдің болуы – қалыпты әрі пайдалы құбылыс. Бастысы – талқылау мәдениетті, заң аясында және өзара құрмет негізінде жүруі керек.
Референдумға қатысу – әр азаматтың құқығы. Бірақ болашаққа қатысты маңызды шешім қабылданатын сәтте белсенділік таныту – жауапты қоғамның белгісі. Азаматтық позиция тек сөзбен емес, нақты әрекетпен де көрінеді.
Бүгін қабылданған шешім ертеңгі даму бағытын айқындайды, ал мемлекет тағдыры – өзіміздің ортақ ұстанымымыз бен белсенділігіміздің нәтижесі.
Қазақша
Русский
English














