БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАҒА
Енгізілді: 15.03.2026Қаралғаны: 14 рет
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАҒА
Бүгін Қызылорда қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күні кең көлемде аталып өтуде. Қызылорда «Болашақ» университетінің ерікті жастары №1 облыстық балаларды оңалту орталығында аталмыш күнге орай мерекелік іс-шара өткізді. Шоу-концерт форматында өткен кештің басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Оңалту орталығында емделіп жатқан балалар мен олардың отбасылары үшін бұл – психологиялық қолдау көрсетудің бір түрі. Шоу-концерт барысында әсем ән айтылды, көңілді билер биленді, балалардың бетіне аквагрим салынып, ойындар ойналды. Ертегі кейіпкерлері мерекенің басты жүргізушілері болды.
Оңалту орталығының қызметкерлері концерттің барлық қатысушыларға үлкен мотивация мен позитивті энергия сыйлағанын атап өтіп, университет ұжымына, ерікті жастарға алғыс білдірді.
Сондай-ақ, бүгін қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында таңертеңнен бастап қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетуде. Бұл игі бастама тұрғындардың жәрмеңке мен қайырымдылық шараларына еркін қатысуына мүмкіндік беріп, мерекелік күннің мәнін арттыра түсті.
Қазақша
Русский
English














