ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ҮНДЕСТІГІ
Енгізілді: 16.03.2026Өзгертілді: 16.03.2026Қаралғаны: 20 рет
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ҮНДЕСТІГІ
Наурыз мерекесіне орай Қызылорда «Болашақ» университетінде «Экономика, аудит, бизнес және басқару»мен«Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз: ұлттық дәстүр мен заманауи технология үндестігі» атты ерекше тәрбие сағаты өтті.
Бұл шара білім алушы жастардың рухани дүниесін байытуға, қазақ халқының бай дәстүрін дәріптеуге және Ұлыстың ұлы күнінің мән-маңызын терең түсіндіруге бағытталды.
Іс-шарада оқытушылар сәукеле киіп, білім алушыларға ақжарма бата берді, салт-дәстүрлердің мәнін түсіндірді. Сонымен қатар, заманауи жаңашылдық ретінде жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылып, Наурыз тақырыбында танымдық әрі қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Жастар белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті. Қатысушылар тың бастамаларын ұсынып, алдағы уақытта осындай мазмұнды әрі жаңашыл іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірді.
Осындай тағылымды сәттердің білім алушылардың рухани көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырары анық.
Қазақша
Русский
English














