ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯНЫ БІРІКТІРГЕН «DIGITAL NAURYZ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ» АТТЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Енгізілді: 16.03.2026Қаралғаны: 39 рет

ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯНЫ БІРІКТІРГЕН «DIGITAL NAURYZ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ» АТТЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университеті «Филология, журналистика және тарих» кафедрасына қарасты Шетел тілі: екі шетел тілі БББ ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған «Digital Nauryz – ұлттық рухтың жаңа толқыны» атты мерекелік шара өтті. Бұл іс-шара дәстүр мен инновацияны біріктірген ерекше форматта ұйымдастырылды.

Шараға қатысушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін цифрлық технологиялар арқылы танысуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, жасанды интеллект элементтері енгізіліп, заманауи технологиялардың көмегімен мерекенің көріністері мен интерактивті контент ұсынылды. Бұл қадам ұлттық рухты жаңаша көзқараспен көрсетуге және жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарды, шығармашылық көріністер мен цифрлық инновацияларды тамашалады. Шара соңында жасанды интеллект көмегімен жасалған интерактивтіойындар ерекше қызығушылық тудырды, бұл дәстүр мен технологияның тамаша үйлесімін көрсетті.

«Digital Nayryz» мерекесі – өткен мен бүгіннің тоғысуы, ұлттық мәдениеттің жаңа толқыны және жас ұрпаққа дәстүрді заманауи форматта жеткізудің бірегей мүмкіндігі.