ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА «DIGITAL NAURYZ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Енгізілді: 16.03.2026Қаралғаны: 20 рет
ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА «DIGITAL NAURYZ» ТАҚЫРЫБЫНДА
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Қызылорда «Болашақ» университеті «Педагогика және өнер» кафедрасына қарасты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері топ тәлімгері Құттықбай Нұрайдың ұйымдастыруымен «Digital Nauryz» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Білім алушылар «Домбыра», «Қобыз» және «Жетіген» топтарына бөлініп, сайысты. Олар Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызы туралы мәлімет алып, ұлттық дәстүрлердің мәнін талқылады. Жасанды интеллект көмегімен дайындалған арнайы бейнеролик көрсетіліп, білім алушылар Наурыз мерекесіне қатысты қызықты ақпараттармен танысты. Интерактивті ойындар мен ЖИ арқылы дайындалған викториналық сұрақтар білім алушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Қазақша
Русский
English














