«ӘЖЕЛЕР СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚҚА ТОЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Енгізілді: 17.03.2026Қаралғаны: 21 рет

«ӘЖЕЛЕР СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚҚА ТОЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

 

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде ұрпақтар үндестігін жалғаған, жүрекке жылу сыйлаған ерекше рухани кеш өтті.

«Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты танымдық-тәрбиелік кездесу жай ғана шара емес, бұл өткен мен бүгінді жалғаған тағылым көпірі болды.
Қазақ қашанда тәрбиені сөзбен емес, өнегемен берген халық. Сол өнегенің алтын діңгегі – әжелер мектебі.

Кеш барысында ақ жаулықты аналар өмір тәжірибесімен бөлісіп, қыз тәрбиесі, ұл жауапкершілігі, отбасы құндылығы жайында терең ой қозғады.

Әрбір айтылған сөз – ақыл, әрбір естелік– тарих, әрбір бата –болашаққа бағытталған аманат.

Студент жастардың өнері мен шығармашылығы кештің мазмұнын байытып, ән мен сөз, тәрбие мен тағылым әдемі үйлесім тапты. Әсіресе, аналар мен әжелерге арналған жүрек жарды эсселер көпшіліктің көңілін толқытты.

Бұл кездесу бізге бір шындықты тағы да ұқтырды:
ұлттың рухы–отбасынан, отбасының  шырағы–анадан, ал тәрбиенің қайнары әжеден басталады. Ақ батасын берген әжелердің ақтілегі жас ұрпақтың жолын жарық етері анық. Осындай тағылымды бас қосулар ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани тамырымызды тереңдете береді.

Әжелер сөзі – өмір сабағы.