«ҚЫЗ – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АРУЛАР БАЙҚАУЫ

Енгізілді: 18.03.2026Қаралғаны: 10 рет

«ҚЫЗ – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

АРУЛАР БАЙҚАУЫ

 

      Қызылорда «Болашақ» университетінде «Арнайы педагогика және психология» кафедрасыныңұйымдастыруымен «Қыз – ұлттың айнасы» тақырыбында  арулар байқауы  өтті.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ қыздарының бойындағы әдептілік, инабаттылық, парасаттылық, білімділік және ұлттық құндылықтарға деген құрметті дәріптеу, сондай-ақ студент қыздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шара барысында қатысушы арулар өздерінің сұлулығымен қатар өнерін, білімін, тапқырлығын және сахна мәдениетін көрсете білді. Әрбір қатысушы қазақ қызына тән нәзіктік пен көркем мінезді, ұлттық тәрбиені насихаттап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Байқау бірнеше кезеңнен тұрып, арулар өздерін жан-жақты қырынан таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен:

І орын – Дәрмен Аружан Ерболатқызына,

ІІ орын – Нурбай Жансая Жомартқызына,

ІІІ орын – Ергешбаева Шынайым Асылбекқызына бұйырды.

Арулар өздерінің білімін, өнерін, мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бүгінгі қыз бала ертеңгі келін, еліміздің тірегі болатын ұл-қыздарды дүниеге әкелетін отанасы. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың бойында ұлттық рухты қалыптастырып, қазақ қызының мәртебесін асқақтата түседі.