ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТЕРІС ЖАҚТАРЫ» ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТТІ

Енгізілді: 18.03.2026Қаралғаны: 10 рет

ҚЫЗЫЛОРДА  «БОЛАШАҚ»  УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТЕРІС ЖАҚТАРЫ» ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Қызылорда «Болашақ» университетінің білім алушыларына Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы «Жасанды интеллектінің теріс жағы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында қаржылық қауіпсіздік, дропперлер, дипфейктер, цифрлық гигиена туралы мәліметтер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында лектор жыл сайын өткізілетін қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада-2026 туралы ақпарат беріп, студенттерді белсенді қатысуға шақырды.