18 НАУРЫЗ— МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІНЕ ОРАЙ «DIGITAL NAURYZ» ТАКЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОР CAFATЫ ӨТТІ
Енгізілді: 18.03.2026Қаралғаны: 19 рет
18 НАУРЫЗ— МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІНЕ ОРАЙ «DIGITAL NAURYZ» ТАКЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОР
CAFATЫ ӨТТІ
Қызылорда «Болашақ» университетінде «Digital Nauryz» тақырыбында ашық кураторлық сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Арнайы педагогика және психология» кафедрасы бастамасымен жүзеге асырылған тағылымды шара мақсаты–ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Кураторлық сағат барысында білім алушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы кеңінен таныстырылып, мазмұнды слайдтар арқылы ұлттық мұрамыздың терең мәніне назар аударылды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары жайлы мағлұмат беріліп, олардың тәрбиелік маңызы түсіндірілді.
Шараның ең әсерлі бөлігінің бірі – салт-дәстүрлер көрінісі. Оның ішінде қазақ халқы үшін ерекше мәнге ие «тұсаукесер» рәсімі сахналанып, кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ақ тілектер айтылып, көрермендер жүрегіне жылулық сыйлады.
«Digital Nauryz» – дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы.
Қазақша
Русский
English














