ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚШЫ
Енгізілді: 19.03.2026Қаралғаны: 19 рет
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚШЫ
19 наурыз – Жаңару күні аясында Қызылорда «Болашақ» университетінде «Жақсылық жасап жарысайықшы» тақырыбында дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды еңбекке баулу, қоғамда әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын ұғындыру, науқас жандардың еміне материалдық және моральдық қолдау жасау.
Жәрмеңкеде университет білім алушылары өз қолдарынан пісірген ұлттық тағам өнімдерін, сондай-ақ, қолөнер бұйымдарын жұрт назарына ұсынды. Ыстық бәліш, тәтті тоқаш, үй мәнтісі, қолдан жапқан салаттар мен тосаптарды сатып алушылардың жүзінен көрінген мейірім мен ізгілік жүректерге жылу сыйлады.
Қазақша
Русский
English














