ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН, АРДАҚТЫ ОТАНДАСТАР!
Енгізілді: 20.03.2026Өзгертілді: 20.03.2026Қаралғаны: 37 рет
ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН, АРДАҚТЫ ОТАНДАСТАР!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Берекесі мен кешірімі мол Рамазан айы аяқталып, жүректерге иман нұрын ұялатып, рухани тазару мен сабыр мектебінен өткен барша мұсылман қауым үшін ұлық мейрам – Ораза айттың орны айрықша.
Бұл – адам баласын мейірімге, қайырымдылыққа, сабыр мен шүкірге үндейтін, қоғамды ізгілікке бастайтын ерекше күн.
Осы қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз, берген садақаларыңыз қабыл болсын! Әрбір игі істеріңіз сауаптан жазылып, Жаратқан Иеміздің разылығына бөлене беріңіздер.
Ораза айт– бірлік пен бауырмалдықтың, кешірім мен кеңдіктің мерекесі. Бұл күндері әрбіріміз үшін жүрегімізді тазалап, өкпе-ренішті ұмытып, жақындарымызға жылу сыйлап, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ортақ парыз.
Еліміздің әрбір шаңырағына амандық, әрбір отбасына бақ-береке, ынтымақ пен ырыс тілеймін. Ұлт бірлігі нығайып, тәуелсіз елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрсын!
Алла Тағала баршамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол ризық нәсіп етіп, игі істерімізді еселеп қайтарсын!
Айт қабыл болсын!
Әр шаңыраққа шаттық, әр жүрекке жылулық, елімізге тыныштық пен береке тілеймін!
Құрметпен,
Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов,
«Болашақ» университетінің Құрылтайшысы,
ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор,
мемлекет және қоғам қайраткері
Қазақша
Русский
English














