20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АЯСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚТЫ БАЛУАНЫ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АРҚАН ТАРТЫСТАН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Енгізілді: 20.03.2026Қаралғаны: 14 рет
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АЯСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚТЫ БАЛУАНЫ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АРҚАН ТАРТЫСТАН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жарыстың ашылу салтанатына Қызылорда облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы атындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директоры Жаманқұл Асылжан Зұлфқарұлы қатысып, студенттерге ақжарма тілегін білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің бірлігіннығайту.
Жарысқа университет білім алушылары мен «Болашақ» жоғары медициналық және «Болашақ» жоғары колледждерінен құралған 13 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Қатысушылар күш пен бірліктің үлгісін танытып, жоғары дайындық деңгейін паш етті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын – "Болашақ" жоғары медициналық колледжі;
2-орын – НВП-24 оқу тобынан құралған команда;
3-орын – ФИС-25 оқу тобының командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.
Осындай мазмұнды спорттық шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосады.
Қазақша
Русский
English














