МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІНДЕ "DIGITAL NAURYZ" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ӨТТІ.

Енгізілді: 18.03.2026Қаралғаны: 13 рет

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІНДЕ "DIGITAL NAURYZ" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ӨТТІ.

 

Наурыз мерекесіне орай Қызылорда «Болашақ» университеті, «Жаратылыстану және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Digital Nauryz: Ұлттық құндылықтар және цифрлық дәуір» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді заманауи форматта дәріптеу, студенттердің рухани-мәдени танымын кеңейту және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы жастардың қызығушылығын арттыру.

Тәрбие сағаты барысында:

-Жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді;

-Қазақтың салт-дәстүрлері цифрлық форматта жаңаша сипатта таныстырылды;

Іс-шараның ерекшелігі – дәстүр мен технологияның үйлесім табуы. Студенттер тек көрермен ретінде емес, белсенді қатысушы ретінде өз идеяларын ұсынып, жаңа буынның ұлттық мәдениетке деген көзқарасын айқындады.
         Іс-шара заманауи білім беру үрдісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға болатынын көрсетті.

Ұлттық құндылықтар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл мұра!