ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «DIGITAL НАУРЫЗ: ДӘСТҮРДІ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ДӘРІПТЕУ» АТТЫ ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТ ЕРЕКШЕ ФОРМАТА ӨТТІ.
Енгізілді: 20.03.2026Қаралғаны: 13 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «DIGITAL НАУРЫЗ: ДӘСТҮРДІ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ДӘРІПТЕУ» АТТЫ ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТ ЕРЕКШЕ ФОРМАТА ӨТТІ.
Бұл шараның басты ерекшелігі кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары ұлттық құндылықтарды заманауи цифрлық мүмкіндіктермен ұштастыра отырып, қыз ғұмырының нәзік те мағыналы жолын сахналауы болды.
Сахна төрінде қыз баланың өмір жолы кеңінен бейнеленді:
-дүниеге келген сәті – жаңа өмірдің бастауы;
-бесікке салу – ананың әлдиімен, ақтілегімен басталатын алғашқы тәрбие мектебі;
-тұсау кесер – баланың қадамына ақ жол тілеп, болашағына бағыт беру;
-жеткіншек кезеңі – қыздың бойына инабат, ибалық, әдеп сіңірілетін уақыт;
-шаш бау тағу – қыздың көркі мен тәрбиесінің белгісі;
-сырға салу – қос тағдырдың тоғысуына бастар жауапты сәт;
-ұзату – ананың жүрегін толқытқан, қыздың жаңа өмірге қадам басқан ең әсерлі кезеңі.
Әрбір көрініс тек сахналық қойылым ғана емес, ұлттың сан ғасырлық тәрбиесінің көрінісі, ананың мейірімі мен үмітінің бейнесі болды. Қыз баланың нәзік те мағыналы ғұмыр жолын цифрлық әлеммен үйлестіре отырып, дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігі көрсетілді.
Дәстүріміз жаңғырып, ұрпақ санасында жаңаша қалыптассын!
Қазақша
Русский
English














