«БІР АДАМ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН МЫҢ АДАМ СУ ІШСЕ, БІР АДАМ ЕККЕН АҒАШТЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ КӨП АДАМҒА САЯ БОЛАДЫ» ДЕЙДІ ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ

Енгізілді: 23.03.2026Қаралғаны: 12 рет

«БІР АДАМ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН МЫҢ АДАМ СУ ІШСЕ, БІР АДАМ ЕККЕН АҒАШТЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ КӨП АДАМҒА САЯ БОЛАДЫ» ДЕЙДІ ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ


          23 наурыз – Тазару күнінде Қызылорда «Болашақ» университеті ұжымы оқу ғимараты ауласына тал екті.

Ағаш егу – көнеден  келе жатқаната-бабамыздың салты, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Қазақ халқы көгерген талдытек табиғаттың көркі ғана емес, жердің ырысы, елдің берекесі санаған.

Бұл түсінік халқымыздың дүниетанымымен астасып қана қоймай, асыл дініміз – исламның да қағидаларымен үндесіп жатыр. Дінімізде «Әлдебір мұсылман ағаш көшетін отырғызса немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады» деген пайым бар.

Жер тоңы жібіп, күн жылынып, қылтиып көк шыға бастағандаайналаны тазартып, ағаш егіп, табиғатқа құрмет көрсету – адамзат парызы.

Қызылорда «Болашақ» университеті 2019 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауына қоныс тепкелі кампус айналасына 30 000-нан аса көшет отырғызылды.

Бұл игі дәстүр өз жалғасын таба бермек.