ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ӘЗ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТТІ

Енгізілді: 21.03.2026Қаралғаны: 12 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ӘЗ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТТІ

 

ЖОО 2026 жылдың  21 наурызы күні Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан «Қайсар арена» стадионының маңына киіз үй тігіп, «Болашақ» ауылы деген атаумен Наурыз мерекесін тойлады. 100 студент көрермен назарына қара жорға биін ұсынып, әжелер тобы мен өнерлі білім алушылар халық  әндерін әуелетті.

Ұлттық киім киген ұжым мүшелері мерекелік дастарқан жайып, наурыз көжеден ауыз тиді. Жергілікті тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, гір тасын көтеру, асық, бес тас, арқан тарту сайыстары ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестіріліп, халықтың мейрам атмосферасын сезінуіне үлес қосты.

Дүбірлі думан абыз ақсақалдың ақ батасымен қорытындыланды.