АЛҒЫС АЙТАМЫЗ
Енгізілді: 26.03.2026Қаралғаны: 26 рет
АЛҒЫС АЙТАМЫЗ
Ұлт құндылығының қайнар көзі, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі — Наурыз онкүндігі өз мәресіне жетті.
Қызылорда «Болашақ» университетінің алыс-жақын шет елдегі серіктестері өздерінің ұлық мейраммен құттықтауларын онлайн жіберді. Олардың қатарында К.Тыныстанов атындағы Иссык-Куль мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Байтикова Тилек Аянбайқызы (Қырғызстан), Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бегмуратова Гулбахар Әжімұратқызы (Өзбекстан), Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті «Банк ісі» кафедрасының профессоры, Турон университеті Андижан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Омонов Акром Абдиназарұлы (Өзбекстан), Акдениз университеті «Дәстүрлі түрік қолөнері» бөлімінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Омер Займоғлу (Түркия), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Сабиров Алишер Турсунұлы (Өзбекстан), Әзірбайжан технологиялық университеті «Механика және көлік технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гулиев Шахин Мамедоглу (Әзірбайжан), Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Юлдашов Мансур Арзикулұлы (Өзбекстан) т.б. бар.
Аталған әріптестер ыстық ықыластарын бейнежазба арқылы жіберіп, сыйластық танытты.
Қызылорда «Болашақ» университеті ұжымы өз кезегінде түбі бір, түркітектес ағайындарға алғыс айтып, жаңа жылда отбасы амандығын, ғылыми өсу, шығармашылық шабыт тілейді.
Қазақша
Русский
English














