ЗАМАНАУИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Енгізілді: 27.03.2026Қаралғаны: 14 рет
ЗАМАНАУИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Қызылорда «Болашақ» университеті «Педагогика және өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, еңбек нарығы талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, сондай-ақ оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамыту мақсатында өңірлік жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында кәсіби мамандарды даярлаудың инновациялық бағыттары, білім беру бағдарламаларын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері және өндірістік тәжірибені ұйымдастырудың тиімді жолдары сарапталды. Сонымен бірге, университет пен өңірлік мекемелер арасындағы әріптестікті күшейту мен білім алушылардың кәсіби құзіреттерін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Дөңгелек үстелге төмендегі БББ бойынша жұмыс берушілер қатысты:
6В01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі:
- Сыздыкова Айжан Жалғасқызы,А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп-лицейінің бастауыш сынып бірлестік жетекшісі;
- Тулебаева Арайлым Қасқырбайқызы, А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;
- Боранбаева Жанар Амангелдіқызы, №296 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Жүсіпназар Айдана Бекболатқызы, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.
6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу:
- Мастекова Ақгүл, №50 «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының әдіскері;
- Сәкен Ақерке Сәкенқызы, №14 «Самал» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
- Сейлова Айгүл Құрманғалиқызы, «Дәнекер Ордасы» жеке балабақшасының әдіскері.
6В01405 – Музыкалық білім:
- Сериалиева Анар Ерниязқызы, Ә.Тыныбаева атындағы №11 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі, домбырашы.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, құнды ұсыныстарын білдірді. Осындай кездесулер оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, білім алушылардың білім сапасы мен кәсіби дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды. Теория мен практиканың үйлесуі білім алушылардың білікті әрі бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына негіз болады.
Қазақша
Русский
English














