«БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ» ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Енгізілді: 06.04.2026Қаралғаны: 12 рет
«БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ»
ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қызылорда «Болашақ» университеті, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі, «Болашақ» жоғары медицина колледжі облыс мектептерінде 2026 жылдың 06-10 сәуірі аралығында кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастады.
Көш керуен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты мектептердің 9 және 11-сынып түлектеріне аталған оқу орындарының білім беру бағдарламаларытуралы ақпарат беріп,олардың материалдық-техникалық базасымен, профессор-оқытушылар құрамының әлеуетімен таныстыруды, түлектерді қызықтырған сұрақтарға жауап беруді жоспарлауда.
Алғашқы сапар Арал қаласыныңҰзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының акт залында кәсіби бағдар бойынша ақпар алуға келген аудан түлектеріне үгіт-насихат жұмысын жүргізуден бастау алды.
Ауданға қарасты жалпы білім беру мекемелерінің барлық қызығушы талапкерлерін бір жерге жинап, толық ақпарат алуын ұйымдастырған Арал аудандық білім бөлімінің басшысы Жанназарова Санира Нұрқожақызына ұжым атынан алғыс білдіреміз!
Қазақша
Русский
English














