ҚЫЗЫЛОРДА БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КЛАССИКАЛЫҚ КАНОНДАРДАН ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ПАРАДИГМАСЫНА ДЕЙІНГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
Енгізілді: 06.04.2026Қаралғаны: 18 рет
ҚЫЗЫЛОРДА БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КЛАССИКАЛЫҚ КАНОНДАРДАН ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ПАРАДИГМАСЫНА ДЕЙІНГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Қызылорда Болашақ университетінде «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, пед.ғ.д. Майгелдиева Шәрбан Мұсабекқызы қонақ дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: «Классикалық канондардан цифрлық оқыту парадигмасына дейінгі дидактикалық жүйелердің эволюциясы».
Дәрісте білім берудің XXI ғасырдағы трансформациясы, дәстүрлі дидактикадан цифрлық дидактикаға өту, оқыту мен үйренудің объект-субъект моделі, интерактивтілік және үздіксіз білім беру (Lifelong Learning) принциптері қарастырылды. Әсіресе, заманауи білім беруде жеке траектория бойынша оқыту, функционалдық сауаттылық және 4К дағдылары (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, кооперация) маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Цифрлық платформалар (PLP, PLE, PLN, OER) арқылы білім беру процестері персонализацияланып, білім алушының жеке мақсаттары мен темпіне бейімделеді. Сонымен қатар, лекцияда педагогтың жаңа рөлі – ақпараттық ресурстар бойынша навигатор болу, онлайн-модерация моделі және универсалды оқыту дизайны (UDL) көрсетілді.
Қорытындысында, профессор білім берудің дәстүрлі және цифрлық әдістерін біріктірудің, өмір бойы оқытудың, инновациялық технологияларды қолданудың XXI ғасырдағы білім беру сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
Қазақша
Русский
English














