«БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ» ҚҰТТЫ МЕКЕН - ҚАЗАЛЫДА

Енгізілді: 07.04.2026Қаралғаны: 20 рет

«БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ»

ҚҰТТЫ МЕКЕН - ҚАЗАЛЫДА

 

«Болашақ» кәсіби бағдар беру көш керуені» өз жұмысын Қазалы ауданында жалғастыруда. Әйтеке би кентіндегі мектептердің 9 және 11-сынып түлектеріне Қызылорда «Болашақ» университетінің білім беру бағдарламалары, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің және «Болашақ» университеті жоғары колледжінің мамандықтары жайлы  түсіндірме жұмысы жүргізіліп, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті таныстырылуда.

Арман қуған талапкердің көңілінен шығатын мамандықтардың таныстырылымы кенттегі №266 мектеп-лицейінің акт залында жүзеге асты.

Әйтеке би кентіне қарасты жалпы білім беру мекемелерінің түлектерін бір жерге жинап, толық ақпарат алуын ұйымдастырған Қазалы  аудандық білім бөлімінің басшысы Жүлекешов Әділхан Оңдасынұлына   ұжым атынан алғыс білдіреміз!