ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ӘНУАР ТӘЖІБАЙҰЛЫНЫҢ «КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНДЕ ЖЕР ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» АТТЫ МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Енгізілді: 08.04.2026Қаралғаны: 11 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ӘНУАР ТӘЖІБАЙҰЛЫНЫҢ «КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНДЕ ЖЕР ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» АТТЫ МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық прогресті дамыту, егіншілік үдерісін кешенді механикаландыру, өндірістік тиімділікті арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету бағытындағы ғылыми зерттеудің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, күріш ауыспалы егістігінде жер өңдеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз етуге қатысты жүргізілген теориялық және тәжірибелік зерттеулер нәтижелері сараланды.
Монографияның тұсаукесер рәсіміне сала мамандары мен ғалымдары: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Таутенов Ибадулла Айғалиұлы;
техника ғылымдарының кандидаты, доцент Көптілеуов Болат Жеткербайұлы; Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Селекция және тұқым шаруашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бәкіров Құрманбек Бәкірұлы; аталған бөлімнің бас ғылыми қызметкерлері, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы, Шермағанбетов Камал Шермағанбетұлы мен Агротехнология, мелиорация және топырақтану бөлімнің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тоқтамысов Әсет Мырзаханұлы қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара ғылыми қауымдастық өкілдері арасында тәжірибе алмасуға, аграрлық саладағы инновациялық шешімдерді талқылауға және жаңа зерттеулерге серпін беретін маңызды алаң болды.
Қазақша
Русский
English














