ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЕҢБЕК АДАМЫ: БЕРДІБЕК САПАРБАЕВТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БОЛМЫСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Енгізілді: 13.04.2026Қаралғаны: 14 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЕҢБЕКАДАМЫ: БЕРДІБЕКСАПАРБАЕВТЫҢТҰЛҒАЛЫҚБОЛМЫСЫ» АТТЫОБЛЫСТЫҚҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен Қызылорда «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамы: Бердібек Сапарбаевтың тұлғалық болмысы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның басты мақсаты – ел үшін өмірін арнаған, адал еңбегімен үлгі болған Бердібек Машбекұлы Сапарбаев сынды тұлғаларды жастарға үлгі ету және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Шара барысында қоғам қайраткерлері Бердібек Сапарбаевтың өмір жолы, ел басқарудағы тәжірибесі, қиындықтарды жеңудегі шешімдері мен қадамдары туралы баяндамалар жасады. Экономика ғылымдарының докторы, академик Досманбетов Бақберген Сарсенұлы, қоғам қайраткері Аңсат Сәпен, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, Қызылорда қалалық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы, экономика ғылымдарының докторы Ким Ирина Леонидовна және басқалар оның халыққа қызмет ету жолындағы ерен еңбегін атап өтті.
Конференция барысында «Ұлттық құндылықтар академиясы» облыстық филиалының басшысы Орманова Мария Айтбайқызы бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін тілге тиек етіп, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру ісінің алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Шараның көркемдік бөлігінде Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы Шахизада Әбдікәрімов пен КЯ-24/3 оқу тобының білім алушысы Диас Мустахимов арнау өлеңдерін оқыды.
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – адал еңбегімен, халыққа қызмет ету жолындағы үлгілі өмірімен еліміздің дамуына зор үлес қосқан, ұлттық рухтағы тұлға. Мұндай конференциялар жас ұрпаққа еңбекқорлықты, елге адал қызмет етуді дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Қазақша
Русский
English














