ҚҰРМЕТТІ ҒАЛЫМДАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!
Енгізілді: 12.04.2026Қаралғаны: 17 рет
ҚҰРМЕТТІ ҒАЛЫМДАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!
Сіздерді Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ғылым – ұлттың зияткерлік әлеуетін айқындайтын, елдің өркендеуіне жол ашатын стратегиялық маңызды сала. Білім мен ғылымды ұштастыра отырып, қоғам дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Тәуелсіз еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы табанды ізденістеріңіз бен жаңашыл бастамаларыңыз табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және ғылым жолында жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен, Қызылорда "Болашақ" университетінің Құрылтайшысы, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, мемлекет және қоғам қайраткері
Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов
Қазақша
Русский
English














