«БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ ЖАЙДАРЛЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА

Енгізілді: 10.04.2026Қаралғаны: 12 рет

«БОЛАШАҚ»  КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ ЖАЙДАРЛЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА

 

 2025-2026 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері үшін Жаңақорған кентінде Қызылорда «Болашақ» университеті өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараның мақсаты – бітіруші түлектерге университет пен болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесу.

Кәсіби бағдар беру тобы мектеп оқушыларын оқуға түсудің жаңа ережелерімен, сондай-ақ ЖОО тарихымен, жетістіктерімен таныстырды. Оқу үдерісі, академиялық ұтқырлық, дуалдық оқыту туралы толық ақпарат берілді. Соның ішінде білім беру бағдарламаларының артықшылықтары түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.