ШЫРАЙЛЫ ШИЕЛІДЕ – «БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ
Енгізілді: 09.04.2026Қаралғаны: 12 рет
ШЫРАЙЛЫ ШИЕЛІДЕ – «БОЛАШАҚ» КӘСІБИ БАҒДАР
БЕРУ КӨШ КЕРУЕНІ
Науқан алдында үгіт-насихат жұмыстарын мақсат еткен «Болашақ» кәсіби бағдар беру көш керуені» ат басын Шиелі ауданына бұрды.
Танымдық іс-шара барысында болашақ талапкерлер Қызылорда «Болашақ» университеті жайлы жан-жақты ақпарат алды, өз қызығушылықтарын дұрыс бағамдау мүмкіндігіне ие болды.
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде бас қосқан оқушылар оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін, оқу үдерісінің ерекшеліктерін және білім алушыларға жасалған жағдайларды кәсіби бағдар беру тобы ұсынған видеороликтерден тамашалады.
Кездесу барысында:
-университетте оқытылатын еңбек нарығында сұранысқа ие білім беру бағдарламалары таныстырылды;
-оқуға түсу ережелері түсіндірілді;
-арнайы дайындалған үлестірме материалдар таратылды;
-оқушылармен ашық форматта пікір алмасу жүргізілді.
Қазақша
Русский
English














