ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ ҚОНАҚ ДӘРІСІ БОЛЫП ӨТТІ
Енгізілді: 09.04.2026Қаралғаны: 2353 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
КЕЗЕКТІ ҚОНАҚ ДӘРІСІ БОЛЫП ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қызылорда «Болашақ» университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасына қарасты 6В07202-«Мұнай-газ ісі» БББ студенттеріне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білікті маманы, магистр Юсупова Лена Ергенбайқызы «Тау жыныстарының қалыптасу тегі және геологиялық даму жағдайлары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында тау жыныстарының пайда болу үдерістері, олардың қалыптасу ерекшеліктері және жердің геологиялық даму кезеңдері жан-жақты әңгіме болды. Қонақ спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кафедра профессорлары Ә.Тәжібайұлы мен Е.Т. Қодар дәріс соңында сөз алып, аталған басқосудың білім алушылар үшін өте пайдалы әрі қызықты болғанын жеткізді.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Н.К.Келмағамбетов осындай мазмұнды кездесулердің болашақ мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыратынын айтып, алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіре келе, лекторға шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тіледі.
Қазақша
Русский
English














